Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қауіпсіздік ережелерін сақтайық

Қауіпсіздік ережелерін сақтайық

Дәл осы мерзімде аудан көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушылар да, аңшылық та неғұрлым көбейе түседі. Өкінішке қарай, кейбір адамдар аңшылықтың соңына түсемін деп қауіпсіздік ережелерін мүлдем ұмытады. Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүм­кін.

Жақсы демалыс қапалы салдарымен аяқталмау үшін мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Біріншіден, міндетті түрде туыстарыңызға жоспарыңыз жә­не қай жерде болатыныңыз туралы ескертіп қойыңыз.

Екіншіден, балық аулайтын жерді қарап алыңыз, өзеннің жарлы жағасында және тәуліктің қараңғы мерзімінде ерекше абай болыңыз. Өзіңізбен бірге дәрі қорабын, қол шам және толық қуаты бар ұялы телефонды алуды ұмытпаңыз.

Ішімдік адамның шапшаңдығын, қауіп сезімін төмендететі­ні туралы есте сақтаңыз.

Жүзгіш құралдарда балық және аң аулаған кезде жазата-йым оқиғаның болу мүмкіндігі бірнеше есе артады. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

Қауіпсіздікті сақтау үшін қайықтың жарамды, ақаусыз бо­луын ескеріңіз. Жүкті қайық аударылып кетпейтіндей орна­ластырыңыз.

Қараңғы уақытта ерекше абай болу қажет. Көл, өзен жағасының бойымен жүрер кезде қолыңызда таяқша болған дұрыс. Ол Сізге жолды зерттеу үшін қажет, сонымен бірге кез келген жағдайда құтқару жабдығының бірі болады.

Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз, тек сонда ғана Сіздің демалысыңыз ойдағыдай өтеді.
Ескертпе: Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайды.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
26 мамыр 2021 ж. 513 0