Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ii тоқсан қорытындыланды

ii тоқсан қорытындыланды

Бүгін көпбейінді облыстық ауруханасының мәжіліс залында аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың I жартыжылдығын қорытындылау бойынша Алқа мәжілісі болып өтті.

Алқа мәжілісіне қатысушыларға күн тәртібіндегi қаралатын мәселелер мен сала бойынша атқарылуы тиiс жоспарларды таныстырған Олжас Ермекұлы алдымен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың 6 айын қорытындылау негізгі индикаторлық көрсеткіштер бойынша медицина ұйымдарының рейтингісі және жыл соңына дейін алға қойған міндеттері туралы, сондай-ақ облыс көлеміндегi ағымдағы жылдың II тоқсанындағы босандыру саласы мен балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер бойынша жасалған баяндаманы тыңдап, кездесу қорытындысында сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, халық денсаулығын жақсарту – басты мiндет екендiгін атап өтті.
13 шілде 2025 ж. 73 0