Халық денсаулығы – даму кепілі

Аймақта денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасы қалыптасқан.
«Қызылорда облысы бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 2,7%, туберкулезден аурушаңдық көрсеткіші 9,3%, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 22,2%, қатерлі ісіктерден аурушаңдық көрсеткіші 3,8%, қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіші 11,7%, жүрек-қанайналым жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 0,4%, жүрек-қанайналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 13,1% төмендесе, ана өлімі тіркелген жоқ», - деді Олжас Ермекұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі