Өңірдің энергетикалық әлеуеті артуда

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватт электр және 277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба өңірдегі электр тапшылығын болдырмауға бағытталған. Құрылысқа қажетті барлық негізгі қондырғылар жеткізіліп, монтаж жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда жобаның орындалу деңгейі 70 пайыздан асты. Құрылыс алаңында 1200-ден аса маман мен 130-ға жуық техника жұмыс істеуде. Жобаны толығымен түркиялық инвестор - «Aksa Energy» компаниясы жүзеге асырып отыр. Жаңа орталықты 2025 жылдың соңында іске қосу көзделген, - деді Тахир Қуанышбекұлы.
- Мемлекет басшысы 2023 жылғы жұмыс сапары аясында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, 423 көпқабатты тұрғын үйді ыстық су жүйесіне қосу мақсатында екі кезеңнен тұратын жоба қолға алынды. Бірінші кезеңде 187 үй қамтылып, биыл бұл жұмыстар толығымен орындалды. Енді 2025 жылы 236 үйге желі тарту жоспарлануда. Қазірдің өзінде Ақмешіт пен Мерей мөлтек аудандарындағы 60-тан астам үйде құрылғыларды орнату басталып кетті. Бұл жұмыстар толығымен аяқталғанда қала тұрғындары жыл он екі ай үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз етіледі, - деді Бақытжан Молдабекұлы.