Жылу желілерін жаңғырту бойынша 6 жоба іске асырылмақ
Бүгінде облыс аумағында 216 км жылу желілері орналасқан. Олардың тозу деңгейі 44,6 пайызды құрайды. Жылу желілерін жаңғырту бойынша 6 жоба іске асырылмақ. Одан бөлек, 2025 жылдың тамыз айында жаңа жылу электр орталығы да іске қосылатын болады. Бұл турады бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин мәлімдеді.
- Облыс аумағында 1 067 әлеуметтік нысан бар. Олардың қысқы маусымға дайындығы 65 пайызды құрайды. Яғни, білім беру нысандары 63 пайыз, денсаулық сақтау 67 пайыз, ал мәдениет және спорт нысандары 65 пайыз болып отыр. Одан бөлек, өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда қаламызда 240 МВт электр энергиясы мен 277 Гкал жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу электр орталығының құрылысы жүргізілуде. Оған инвестор “Акса Энерджи” компаниясы. Негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, тамыз айынан бастап құрылыс алаңына жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Ал, станция құрылысы 2025 жылдың тамыз айында аяқталып, іске қосылатын болады,- деді Медет Усаин.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі