Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Өнегелі ісімен із қалдырған...

Өнегелі ісімен із қалдырған...

Қай кезеңде де адам денсаулығы қоғамның басты құндылығы саналады. Бұл салада еңбек еткен жанның еңбегі әрдайым бағалануға лайықты. Біздің кейіпкеріміз осы денсаулық сақтау ісіне өзінің 40 жылдан жоғары қажырлы еңбегін арнапты.

Бүгінде сала ардагері Асқар Шәріпжанұлы Құлмағанбет 1962 жылы бұ­рынғы Тереңөзек ауда­нының ХХІ партсъезд атындағы кеңшарда, дәлірек айтқанда қазіргі Қалжан ахун ауылында туып, өскен. Бозбала Асқардың бала күнінен арманы денсаулық сақтау саласының қызметкері болу еді. Ол қасиетті ауылдағы сегіз жылдық мектепті үздік бітіргеннен кейін Қызылорда медициналық училищесіне оқуға түсті. Арнаулы орта оқу орнын ойдағыдай тәмәмдаған соң жолдамамен ауданның шалғай ауылы – Іңкәрдариядағы дәрігерлік ауруханада фельдшер болып қызмет етті. Алыс жайылымдарда орналасқан малшыларға күн-түн демей медициналық көмек көрсетті. Арада зымырап бес жыл уақыт өте шықты. А.Құлмағанбет жоғары оқу орнын оқып бітіруді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп 1986 жылы Қарағанды медициналық инс­титутына оқуға түсті. Оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. Институт бітіргеннен кейін бір жылдық интернатурадан өтті. Содан соң туған жерге оралып Тереңөзек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау стан­сасында дәрігер-эпидемиолог, гигиенист маман­дығы бойынша тағам нысандарын қадағалау бөлімінде санитарлық дәрігер болып қызметке кірісті. Адам денсаулығы, өмір үшін маңызы зор бұл жұмысты Асқар Шәріпжанұлы абыроймен атқарды. Соның нәтижесінде қызметі өсіп, 1996-1998 жылдары ауданда жаңадан құрылған Міндетті медициналық сақтандыру Қорының директоры қызметін атқарды. Ол Қор тараған соң, аудандық санэпидқызмет мекемесінде балалар мен жасөспірімдер нысандарын қадағалау бойын­ша санитарлық дәрігер қызметін жалғастырды. Аудандағы балалар мен жасөспірімдер нысан­дарының сани­та­риялық-техникалық жағ­дайын жақсарту, олар­дың ден­сау­лығын қорғау саласында көптеген же­ті­с­тіктерге жет­ті. Атап айт­қанда Қал­жан ахун, Бесарық, Шір­кейлі, Шаған ауылдарындағы мектептер, Тереңөзек кентіндегі №36 мектеп-лицейі үшін жаңа ғимарат салдыруға, барлық ауылдарда қиын жылдары жабылып қалған балабақшаларды қайтадан аштыруға өзіндік үлес қосты. Нәтижесінде бүгінгі таңда аудандағы балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің материалдық-техникалық базалары басқа аудандармен салыстырғанда көш ілгері. Сонымен қа­тар аудандағы мектеп оқушыларын, балабақша тәр­биеленушілерін ұтымды, гигие­налық талапқа сай дұрыс тамақтандыру, апталық ас мәзірлерін дұрыс жасау, оларды қадағалау және мектеп оқушыларын жазғы демалыспен қамтуда жақсы нәтиже көрсетуге ықпал етті.

Ол 1998, 2006, 2009 жылдары Алматы қаласында, 2003 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында дәрігерлердің дипломнан кейінгі білімін жетілдіру институттарында тағылымдамадан өтті.

А.Құлмағанбет 2004 жылдан бастап аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында бас маман, кейіннен бөлім басшысы қызметін атқарды. Өз жұмысына ерекше жауапкершілікпен қарады, қызмет бабында өзін білімді, білікті маман ретінде көрсете білді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып ұжымда зор беделге ие болды. Әр жылдары министрліктің, облыс әкімінің, облыстық департамент, аудан басшылығының және де «AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен марапатталған. 2020 жылы медицина қыз­меткерлері күні мерекесіне орай «Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Асқар Құлмағанбеттің ұлы Мұхит әке жолын қуып дәрігерлік мамандық таңдады. Ерекше талантты ұл бүгінде әлемге белгілі көз дәрігері.
Асекең 2025 жылдың сәуір айынан бастап құрметті зейнет демалысында. Оның денсаулық саласына қалдырған ізі аудан тұрғындарының көз алдында. Ардагерді мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық тілейміз.


Шаһарбек НҰРСЕЙІТ,
ардагер-журналист
17 маусым 2025 ж. 351 0