"Дара дарын, қарымды қаламгер" атты іс-шара өтті
Қалжан ахун ауылдық кітапханасы мен клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Адал адам" мәдени-тәрбие тұжырымдамасының "Әлем-ВООК" жобасы аясында белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағанбетовтың туғанына 80 жыл толуына орай "Дара дарын, қарымды қаламгер" атты бір жазушы сағаты болып өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты, жазушының өмірі мен шығармашылығын оқушылардың арасында насихаттай отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған ,өмірдің қызық та күлкілі оқиғаларынан тұратын керемет әңгімелерімен таныстыру. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.











