Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тереңөзектік замандастарым жайлы сыр" кітабынан әдеби таныстырылым кеші өтті

"Тереңөзектік замандастарым жайлы сыр" кітабынан әдеби таныстырылым кеші өтті

Қалжан ахун ауылдық кітапханасы, №126 мектеп ұжымы және ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жерлесіміз,Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Сырдария ауданының құрметті азаматы Марат Жүсіпәліұлының "Тереңөзектік замандастарым жайлы сыр" кітабынан әдеби таныстырылым кеші өтті.

Кітап сүйер қауымға жаңа кітапты таныстыра отырып, өскелең ұрпаққа білімнің алтын кілті кітап арқылы берілетінін ,кітап оқудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Кітап кейіпкерлерінің қызықты өмір жолдарын оқи отырып,адам бақытының адал еңбекте екендігін ұғындыру.

Іс-шара барысында сөз алған кеш қонақтары мәдениет саласының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Айсин Жантемір ағай және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Нұрсейітов Шаһарбек ағайлар сөз алып ,кітап - қоғамды дамытатын рухани құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырар, өткенді таразылайтын құнды белгі екендігін атап өтті. Келесі кезекте 5 сынып оқушылары Жаңабай Нұрбақыт пен Төребек Інжу "Ғибратты ғұмыр" бөлімінен өз түсініктерін керемет жеткізіп берді. Кеш барысында жаңа кітабының жазылу тарихы жайлы Омаров Марат ағай керемет баяндап берді.Өз кезегінде сөз алған ауылдастар ризашылық сезімдерін білдіріп, ауыл ақсақалы Дүйсенбаев Болат ата ақ батасын берді.Кеш соңында кеш қонағы Марат Омаров ауыл кітапханасы мен мектеп ұжымына жаңа кітапты тарту етіп, ән үйірмесінің мүшелері С.Жұмаділдің сөзіне жазылған, М.Мамытовтың "Ауылым" әнімен кешті қорытындылады.
06 наурыз 2025 ж. 87 0