Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Жүрегіңіздің қазіргі жағдайы қандай? Жауабыңызға орай кеңес оқыңыз

Психологиялық тест: Жүрегіңіздің қазіргі жағдайы қандай? Жауабыңызға орай кеңес оқыңыз


1-ші жүрек:


Жүрегіңізді сақтаңыз. Сіз дұрыс бағыттасыз. Өмір сүру - жүректен. Аялаған сайын адамдық, еркелеген сейін мейірім оянады тегі. Жұбыңызды таңдағанда абай болыңыз. Нәзік жүрек жараланғыш келеді. 

2-ші жүрек: 

Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз. Босатыңыз сезіміңізді.

3- ші жүрек:

Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.

4-ші жүрек: 

Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.

5-ші жүрек:

Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.

6-ші жүрек:

Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.


Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
20 маусым 2018 ж. 897 0