Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ашу денсаулыққа зиян

Ашу денсаулыққа зиян


«Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос» деген мақалды кішкентай кезіңізден естіп келе жатқан шығарсыз. Ашу денсаулыққа зиян. Ол түрлі ауруға шалдықтырып, күйзеліске түсіреді. Мұны ғалымдар да растап отыр. Кезекті материалымызда ашудың денсаулыққа қандай зияны бар екендігі туралы жазуды жөн көрдік. 

Жүрек талмасына ұшыратады 

Ашу жүрекке кері әсерін тигізеді. Солтүстік Каролинадағы Wake Forest медицина мектебінің дәрігері Крис Айкен ашуланған соң көп уақыт өтсе де, жүрек талмасына ұшырау қаупі көпке дейін сақталатындығын айтты. Ашу жүрек-қан тамырлары ауруларымен тығыз байланысты екен. Ашуланшақ адамның өзгелеріне қарағанда, жүрек талмасына ұшырау қаупі екі есе. Мұны зерттеу жұмыстары дәлелдеп отыр. 

Инсульт болу қаупі 

Ашу инсультті болдырады. Адам 2 рет ашуланған соң инсульт болу қаупі 3 есе артады. Әсіресе мидағы қан айналым жүйесі бұзылған, миында ақауы бар жандар үшін зиян. Егер аневризмаға шалдыққан болсаңыз, инсульт болу қаупі 6 есе артады. 

Иммунитет әлсірейді 

Қайта-қайта ашулансаңыз, әркез ауыра беретін боласыз. Гарвард университетінің мамандары жүргізген зерттеу жұмысына сәйкес, адам ашуланған соң 6 сағат өтсе де, иммунолобулиннің деңгейі төмендейді екен. Осының салдарынан ағза инфекцияға төтеп бере алмай қиналады. Сіз біреуге ренжисіз, ашуланасыз, иммунолобулиннің деңгейі төмендейді, артынша қатты ауырасыз. Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, дау-жанжалдан аулақ болыңыз. 

Алаңдатып, көкейге үрей ұялатады 

Ашу мен мазасыздық бір-бірімен тікелей байланысты. 2012 жылы Cognitive Behavior Therapy журналында жарияланған зерттеу жұмысына сәйкес, ашудың үреу тудыратындығы анықталған. 

Күйзеліске шалдықтырады 

Көп зерттеу жұмысы ер адамдардың күйзеліске шалдығуы тікелей ашумен байланысты екенін анықтады. Ғалымдар бұдан өзге жұмыста «пассивті ашу» болатындығын айтады. Бұл - ашуын сыртқа шығара алмай қиналу. Мысалы, сізді бастығыңыз көптің көзінше ұрысып жатыр. Ал сіздің бұл іске мүлдем қатысыңыз жоқ. Егер шындықты айтар болсаңыз, ол одан бетер ашуланып, ашуын өзге біреуден алуға кіріседі. Тіпті сізді екі есе айыптауы да ғажап емес. Осындай кезде ашуыңызды сыртқа шығара алмай қиналасыз. Артынша күйзеліске ұшырайсыз. 

Денсаулық - зор байлық екенін естен шығармаңыз. Оны мәңгілік өмір сүретіндей күтіңіз.
04 сәуір 2018 ж. 2 235 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 09:40
Nolvadex Vidal Shop Cialis Online generic cialis overnight delivery Zithromax Mail Singapore

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 10:50
Reputable Online Viagra Sales Where To Buy Tab Doxycycline Visa Comprar Viagra Sevilla online cialis Omnaris And Amoxicillin And Claritin D Will Amoxicillin Work For A Uti Achat Kamagra Voir Le Profil