Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қарасора «қара сорға» айналмасын: кеңейтілген мәжіліс өтті

Қарасора «қара сорға» айналмасын: кеңейтілген мәжіліс өтті

Есірткі – әлемді есеңгіреткен қауіпті дерт. Десе де аталған зиянды әдетке құмарлық көбеймесе, азаймай отыр. Былтырғы есеп бойынша, әлемде есірткіге тәуелділер саны 23 пайызға өскен. Арнайы зерттеулерге сүйенсек, тыйым салынған заттарды бірнеше жүз миллиондаған адам пайдаланады. Бірақ есірткіқұмарлықтан жаһан жұртшылығының әр бесінші азаматы ғана емделеді екен.

Қауіптің алдын алу, жас буынға ой салу мақсатында «Қарасора – 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара аясында аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі­нің орынбасары Димаш Байдушев­тің төрағалығымен кеңей­тілген мәжіліс өтті. Күрделі мәселе көтерілген жиынға аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мақсат Беркімбаев, Сырдария ау­даны прокурорының орынбасары Ғалымжан Дүйсенбаев, зиялы қа­уым өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет және медицина саласының қызметкерлері мен бел­сенді жастар қатысты.

– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Есірткі мәселесі ушығып барады. Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Әлеуметтік кеселдің бәрімен тұтас жұрт болып жұмыла күресу қажет» деген болатын. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен соған тәуелді болып қалады. Осы ретте, республика көлемінде «Қара­­сора – 2025» арнайы жедел-профи­лактикалық іс-шарасы басталды. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Сондықтан барлық мүдделі тараптарды бірлескен, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын! – деген Димаш Серікбайұлы есірткіге қарсы күрес баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе назарға алынды. Бірінші мәсе­ле аудан аумағында «Қарасора – 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-ша­расын өткізу туралы аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әділхан Қанзадаев хабарлама жасаса, екінші мәселе есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен бел­гі­ленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт баяндама жасады. Жиын барысында аудандық полиция бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп тыңдалып, алдағы уақытта жүргізілетін шаралардың нақты бағыт­тары талқыланды. Мәжіліс қоры­тындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, профилактикалық іс-шараны жүйелі түрде жүргізу жүктелді. Одан кейін орталық алаңда полиция басшығылымен жеке құрамға осы бағыттағы жұмыстарды нақты әрі кешенді жұмыстарды іске асыру тапсырылды.

Айта кетейік, «Қарасора – 2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 маусым – 31 қазан аралығында өтеді.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
10 маусым 2025 ж. 203 0