Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары назарына

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары назарына

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары Сырдария ауданы Полиция бөлімі хабарлайды 2025 жылғы 5 сәуірден бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енген, бұл мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіреді.

Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, А1,А және В санатындағы жүргізуші куәлігі, жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Сондықтан 06.06.2025 жылы тіркелмеген мопед иелері Сырдария ауданы Полиция бөліміне мопедтерді тіркеуге алу үшін келулеріңізді сұраймыз.

Қажетті құжаттар:
- жеке куәлік
- техникалық құжат немесе мепедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер
- өтініш толтыру
- тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу: мопедті тіркеу үшін 0,25 АЕК (983тг), тіркеу куәлігін беру үшін 1,25 АЕК (4 915тг), және мемлекеттік нөмер алу үшін 1,4 АЕК (5 505 тг)

Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін келесі телефон нөмеріне хабарласыңыз 21-2-48, 8-705-432-71-10.

Сырдария аудандық полиция бөлімі
Фото: Ашық дереккөзден

08 маусым 2025 ж. 571 0