«Мопед айдаймын» деп майып болмайық!
Қазір екінің бірі, әсіресе балалар мен жастар мопед айдап жүр. Бұл көлік кептелісінің, жол қозғалысының мәселелерін күрделендірмесе, жақсартқан жоқ. Өйткені қауіп бұрынғыдан екі есеге артты. Сондықтан мопед айдаймын деп майып болмаудың қамын жасаған дұрыс.
Енді мопед тізгіндеушілер жүргізуші куәлігін алады. Нақтырақ айтқанда, мопед механикалық көлік құралына жатқызылып, тіркеуге алынады. Ал жүргізушілері сәйкесінше мемлекеттік баж салығын төлейді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде кеңінен айтылды. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда-ақ мақұлдады.
Енді мопед тізгіндеушілер жүргізуші куәлігін алады. Нақтырақ айтқанда, мопед механикалық көлік құралына жатқызылып, тіркеуге алынады. Ал жүргізушілері сәйкесінше мемлекеттік баж салығын төлейді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде кеңінен айтылды. Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда-ақ мақұлдады.
«Құжатта мопедтерді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының тізбесіне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар мопедтерді механикалық көліктерге теңестіру, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын талаптарға сәйкес мопед жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау ескерілген, – делінген Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы туралы (16 жастан бастап беріледі) талап қою ұсынылды. Бұл әр мопедті тіркеуге және оны тізгіндеушілерге механикалық көлік құралдарының жүргізушілері үшін қарастырылған талаптарды қоюға мүмкіндік береді. Осылайша жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, көлік құралына техникалық тексеру жүргізу және басқа да мәселелер шешіледі. Аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері жолдағы көлік қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін механикалық көлік құралдарының жүргізушілері сияқты жауапкершілікке тартылады.
– Талқылау барысында Парламент Мәжілісінде тиісті нақтылаулар енгізілді. Мопедтерді мемлекеттік тіркеу заң қабылданғаннан соң 6 айдан кейін басталады. Жүргізушіде A, B, C санатындағы куәліктері болған жағдайда мопедтерді басқаруға «A1» санаты автоматты түрде беріледі. Қозғалтқышы бар велосипед ұғымы нақтыланды. Яғни қозғалтқышы бар велосипедті жаяу жүруге арналған жолдар мен тротуарларда жүргізуге тыйым салынады, – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Еске салсақ, бұл заң жобасы Мәжілісте биыл 17 сәуірде бірінші оқылымда мақұлданған еді. Заң жобасына қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу, мопед жүргізушіне қойылатын талаптарды белгілеу, жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзірет беру, жол қауіпсіздігін цифрландыру бойынша нормалар енгізілген.
А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ