Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мопедті 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіз - ІІМ

Мопедті 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеріңіз - ІІМ

ІІМ мопедтерді тіркеу қажеттігі туралы ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құрметті азаматтар! Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді. Қазіргі уақытта республика бойынша 8527 мопед тіркелді. Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет. Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін "жағымсыз салдардан" аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкес келтіргеніңіз абзал, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Фото: Ашық дереккөзден

19 наурыз 2025 ж. 272 1

Cristine от 31 мамыр 2025 09:58
Cheers, Valuable stuff! meilleur casino en ligne Many thanks, I value this. casino en ligne With thanks, Very good stuff! casino en ligne Whoa many of fantastic facts. meilleur casino en ligne You actually suggested this really well. casino en ligne With thanks, Good stuff. casino en ligne Really lots of beneficial data! casino en ligne Thank you! Great stuff! casino en ligne France Helpful information Appreciate it. casino en ligne You said it perfectly.. casino en ligne