Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының Бас полицейі әлем чемпионымен кездесті

Қызылорда облысының Бас полицейі әлем чемпионымен кездесті

А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы Nomad Wrestling турнирінің 2 дүркін чемпионы Бакытов Азаматпен және лига басшысы Кикимов Мақсат Сәкенұлымен кездесті. Кездесуге департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және жеке құрамы қатысты.

Азамат – әлемде күрестің барлық 10-нан астам түрімен кәсіби түрде айналысатын мықты споршылардың басын қосқан Nomad Wrestling лигасының 2 дүркін әлем чемпионы.

Азамат – тек спортшы ғана емес, еліміздің рухын көтеріп жүрген өзінің атына сай нағыз азамат. Өзінің табандылығының, қайсар мінезінің, тынымсыз еңбегінің арқасында әлем аренасында еліміздің көк туын көкте желбіретіп жүр. Азаматтың жеңістері – бүкіл қазақ жастарына үлгі, еліміздің намысы үшін күресудің жарқын көрінісі.
\
Жиналған жеке құрам алдында чемпион жеңіске жету жолы туралы айтып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Департамент бастығы спортшыға және лига басшысына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Ер мерейін көтерген спортшыны марапаттап, иығына шапан жапты.

«Азаматты Nomad Wrestling лигасының екі дүркін әлем чемпионы атануымен Полиция департаментінің атынан шын жүректен құттықтаймын!
Азамат – спорт пен қызметті қатар алып жүр, ол бүгінде Ішкі істер министрлігіне қарасты Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы лауазымында ішкі істер органдарына қызмет етуде. Қызметте үлгі көрсетумен қатар, спорт саласында да жеңісті биікті бағындырып жүр.

Әр жүлденің артында тек қажырлы еңбек емес, тынымсыз талпыныс жатыр. Бүгінгі кездесу – біздің полиция қызметкерлері үшін рухани мотивация болары сөзсіз» деді С.Ергешов.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары спортшы туралы мәліметтерге қанығып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Полицейлер кездесу кешінен ерекше рухтанып қайтты.

08 маусым 2025 ж. 152 0