Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Тәуелсіздік күнін» салтанатты түрде атап өтті

ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Тәуелсіздік күнін» салтанатты түрде атап өтті


Бүгін С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

Жиынға департамент басшылығы, ҚАЖ саласының ардагерлері, Тұңғыш Президенттен сұхбат алған, дипломат-журналист Ержан Үбайдаұлы, Дін істер басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, өзге сала қызметкерлері мен жеке құрам қатысты. Шара барысында департамент бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтады. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына белсене үлес қосқаны үшін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Ш. Есенкелдиев, ҚАЖД Жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет майоры Ғ. Қонысбекұлы, ЗК-169/4 мекемесінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі Ә. Рахманов"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл" медалімен және ЗК-169/1,ЗК-169/5 мекемесінің медицина бөлімінің қызметкерлері А. Егізбаева, А. Назарова "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың және ҚАЖ комитетінің төрағасы Ж.Ешмағамбетовтың бұйрығымен өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Сонымен қоса Департамент бастығы әділет подполковнигі Ш. Есенкелдиевтің бұйрығымен 100 -ден астам ҚАЖ қызметкерлері марапатталды.

Бұдан бөлек, департамент бастығы Ш.Есенкелдиев қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі  үшін Дін істер басқармасының қызметкерлері мен БАҚ өкілдерін және ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің қызметкерлерін марапаттады.Салтанатты шарада сала ардагерлерін де марапаттап, иықтарына шапан жапты.

Шара концерттік бағдарламаға ұласты.
16 желтоқсан 2021 ж. 427 0