Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордалық полицейлер сенбілікке шықты

Қызылордалық полицейлер сенбілікке шықты

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұжымы жаппай сенбілікке шықты. Сенбілік жұмыстары аудандық полиция бөлімдерінде де ұйымдастырылды. Полиция бөліністерінің ғимараттары мен аулаларын қоқыстан тазалау, ғимараттардың алдыңғы темір шарбақтарын сырлау, ішкі қабырғалардың ластанған жерлерін ақтау жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, тәртіп сақшылары бір кісідей атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Бірлескен әрі жұдырықтай жұмылып ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ғимараттар аумағы көркейіп, әсемдене түсті.

Осылайша, әрбір полицей қаламыздың тазалығына өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдірді.

Мұндай шаралардың ұжымдық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.


08 маусым 2025 ж. 528 0