Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – тазалыққа үндейді

Сенбілік – тазалыққа үндейді

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның басты міндеті.

Кеше санитарлық тазалық айлығы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту және көркейту бойынша сенбілік өтті.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Сенбілікке аудандағы меншік түріне қарамастан барлық мекеме қатысты.

Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады және барлық аудан тұрғындарын сенбілікке белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!

«Тазалық - мәдениеттіліктің өлшемі» деген бар, әр тұрғын өз үйінің маңайы мен ауласын таза ұстап, өңіріміздің таза болуына және одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесін қосуы тиіс!
01 қазан 2023 ж. 117 0