Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман-тоғайды өрттен сақтайық

Орман-тоғайды өрттен сақтайық

Табиғат байлығының аса бір күрделі саласының бірі орман-тоғайды қорғау, өсіруге қамқорлық жасау – әрбір азаматтың абыройлы борышы. Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады.

Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін қажетті іс-шаралар қатарында желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу керек. Отты топырақпен көміп үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөн­геннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтан­байтынына көз жеткізу маңызды.

Табиғат байлығының құрамдас бөлігі – орман-тоғайдың халық ша­руа­­шы­лығындағы маңызы сан-қыр­лы. Орман-тоғай ауаны оттегімен толықтыру, климаттың қатаңдығын жұмсарту, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның түрлі лас­тануын азайту қызметін атқарады.

Сондықтан әрқайсымыз төмен­дегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауымыз қажет:
– қай жерде болсын қажет жағ­дайда ашық отты пайдалануды бақы­лаусыз қалдырып, оны жасөспірім бала­ларға сеніп тастап кетпеу керек;
– далалық жерлерде егін алқап­тарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жер ашу мақсатында пайдаланбау керек;
– көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоғын толық сөндірмей тастап кетпеу керек;

Орман – ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтарымыз мол. Халық орман-тоғайдың қадірін қашаннан жоғары бағалап келгенін, оны ақын жазушылар өздерінің шығармаларына арқау еткенін көпшілігіміз білеміз.

Сондықтан от апатына жол бермей, өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, өртті болдырмау үшін бәріміз бір кісідей күресейік.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.

Сырдария ауданы бойынша
төтенше жағдайлар бөлімі

03 маусым 2025 ж. 207 0