Орман мен даланы өрттен қорғайық!
Көктем-жаз айларында қатты ыстықтан шөп қурап, өртену қаупі туатыны белгілі. Далалы алқаптардың, шабындық жерлердің және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.
Орман, дала өртінің негізгі себебі – қауіпсіздікті сақтамай жағылған от. Орман, дала өрті көбінесе құрғақшылық мезгілде, ерте көктемде және күзде болады. Адамдардың далалық жерде демалып ашық отты пайдаланудағы аңғалдығы апаттың басты себебі болуы мүмкін. Орман және дала өртінің болуының ең көп себептері мыналар:
– Ауыл шаруашылық қалдықтарын жаққан кезде өрт қауіпсіздік ереже талаптарының бұзылуынан;
– сөндірілмеген шылым немесе сіріңкені өшірмей тастаудан;
– күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сынығынан түскен күн сәулесінен жануы.
Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін қажетті іс-шаралар желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу, отты топырақпен көміп үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізу.
Егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын және шығу бағдарын анықтап, құтқару қызметіне 101, 112 нөмірі арқылы хабарлаңыз.
Сіздерден табиғатта осы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз.
Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: egemen.kz