Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман және даланы өрттен қорғайық!

Орман және даланы өрттен қорғайық!

Далалы алқаптардың, шабындық жерлердің және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.
Орман өрті – абайсыз жағылған от. Орман өрті көбінесе құрғақшылық мезгілде, ерте көктемде және күзде болады. Ормандағы өрттің бәрі сыртқы себептерден болады: ауыл шаруашылық қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман, дала алқаптарының жануы найзағайдан және орман және дала өрттерінің көбісі адамдардың қатысымен болып жатады.

Орман және дала өрттерінің болуының ең көп себептері:
  • Сөндірілмеген шылым немесе сіріңке;
  • Күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сынығынан түскен күн сәулесінен жануы;
  • Егіс алқаптарындағы орылған шөптерге от қоюы;
Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсінділердің көп болуы, дала өртінің тез өріс алуына мүмкіндік туғызады. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін желдің бағытын, және өрттің таралу жылдамдығын анықтау, тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберу, отты топырақпен көміп, үстіне су құю, кішігірім отты таптау, өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізу.

Егер өрт аумағында болсаңыз өзіңіздің күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын, және шығу бағдарын анықтап құтқару қызметіне 101, 112 номері арқылы хабарлаңыз.

Сіздерден табиғатта осы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз.

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: Н.Нұржаубай
13 наурыз 2025 ж. 167 0