Орман-тоғайды өрттен сақтайық!

Табиғат байлығының құрамдас бөлігі – орман-тоғайдың халық шаруашылығындағы маңызы сан-қырлы. Орман-тоғай ауаны оттегімен толықтыру, климаттың қатаңдығын жұмсарту, топырақты эрозиядан қорғау, қоршаған ортаның түрлі ластануын азайту қызметін атқарады.
Сондықтан әрқайсымыз төмендегідей қарапайым, қолдан келер өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындауымыз қажет:
– қай жерде болмасын қажет жағдайда ашық отты пайдалануды бақылаусыз қалдырып, оны жасөспірім балаларға сеніп тастап кетпеу керек;
– далалық жерлерде егін алқаптарын дайындау кезінде отты бейберекет қойып, жер ашу мақсатында пайдаланбау керек;
– көктем, күз айларында табиғатқа демалысқа шығып, ашық отты пайдаланып, оның шоқтарын толық сөндірмей тастап кетпеу керек.
Орман – ел байлығы, мақтанышы. Оны көбейтіп, өлкемізді жасыл желекке бөлесек ұтарымыз мол. Халық орман-тоғайдың қадірін қашаннан жоғары бағалап келгенін, оны ақын жазушылар өздерінің шығармаларына арқау еткенін көпшілігіміз білеміз.
Сондықтан от апатына жол бермей, өртке қарсы шараларды қатаң сақтап, өртті болдырмау үшін бәріміз біркісідей күресейік.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефонына хабарлаңыз.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі