Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Профилактикалық жұмыстар жалғасын табуда

Профилактикалық жұмыстар жалғасын табуда

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер өз мін­деттерін тиісті деңгейде орындау мақ­сатында олардың тарапынан әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.

Осы бағытта Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заң­наманы, қызметтік әдепті бұзу фактілерін болдырмау және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 74 түсіндіру шаралары жүргізілді.

Оның ішінде, мемлекеттік ор­ган­дарға бару арқылы 34 шара өткі­зіліп, мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшілерімен заң­на­­мада көзделген шектеулерді, мем­лекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақы­ры­бында семинарлар өткізілді.

Осы жылдың сәуір-мамыр айларында Қызылорда облысының сани­­тариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қызылорда қала­лық санитариялық-эпиде­миоло­гиялық бақылау басқармасы, Қызыл­орда облысы бойынша Қазынашылық департаменті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау коми­­тетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР сот әкім­­шілігінің Қызылорда облысы бойын­ша департаменті, Қызылорда облысының әділет департаменті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойын­ша департаменті қызметкерлерінің қа­ты­суымен сол ұжымдарда семинарлар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, сәуір-мамыр айларында Департамент басшысы Е.Мендалиев ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында 5 рет дәріс оқыды.

Семинарлар барысында құмар ойын­мен ойнауға шектеу қойылғаны, шектеуді сақтамаған жағдайда мем­лекеттік қызметші жұмыстан босатылатыны қатаң ескертілді және 2025 жылғы 10 қаңтардағы №156-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының талап­тарымен таныстырылып, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру шарт­тары мен тәртіптік жаза қолдану мәселелеріне түсіндірме берілді.

Бұдан бөлек, ҚР Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қыз­метін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамада көрсетілген бас­тамалармен таныстырылып, мем­ле­кеттік қызмет жүйесін дамыту мақ­сатындағы қабылданатын шаралар туралы ақпарат берілді.

Осы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде Әдеп жө­нін­дегі кеңесте қаралатын тәртіптік істердің саны жыл сайын азаюда.
Жүргізілген семинарлардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық жасау және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Т.Нуртаев,
Департаменттің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы
Фото: Ашық дереккөзден

03 маусым 2025 ж. 194 0