Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихқа тағзым – ұрпақ парызы

Тарихқа тағзым – ұрпақ парызы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке барып, жазықсыз жапа шеккендер рухына тағзым етті.

Шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев қатысты.

Тарихтағы ең ауыр кезеңдер – ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдарының қасіреті ел жадынан ешқашан өшпейді.

Шара барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Зобалаң заманның зардабын тартқан боздақтар рухына Құран бағышталды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

01 маусым 2025 ж. 123 0