Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Көпбалалы ана: «Сайлауға бару – жай уақыт өткізу емес, келешек үшін таңдау жасау»

Көпбалалы ана: «Сайлауға бару – жай уақыт өткізу емес, келешек үшін таңдау жасау»

Бүгін Сырдария жұрты Іңкәрдария және Қалжан Ахун ауылдық округінің жаңа әкімі болуға ниетті азамат үшін таңдау жасайды.

Тұрғындар ауыл өмірінің келешегіне бей-жай қарамайды. Сол себепті де таңмен таласып учаскеге барып, науқанға азаматтық үн қосуда. Олардың қатарында 7 құрсақ көтерген көпбалалы ана Ранай Манаутауова да бар.

- Әрбір ата-ана балалары үшін өмір сүреді. Ал, балалар - келешегіміз. Осы ауылды көркейтемін деп талаптанған адамға дұрыс таңдау жасау - біздің міндетіміз деп есептеймін. Сондықтан осы ауылдың тұрғыны ретінде әрбір сайлаудан қалыс қалған емеспін,-дейді іңкәрдариялық көпбалалы ана.

Айта кетейік, Іңкәрдарияда 502, Қалжан Ахунда 718 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

01 маусым 2025 ж. 356 0