Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия мүшелері сайлаушыларды ұлттық киіммен қарсы алды

Комиссия мүшелері сайлаушыларды ұлттық киіммен қарсы алды

Бүгін Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов және А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерінде әкім сайланады. Аудан үшін маңызды науқанда комиссия мүшелері сайлаушыларды ұлттық киіммен қарсы алып, қызмет көрсетуде.

Өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген сайлаушылар да учаскелерге ұлттық киім барып, науқанға әр берді. Сондай-ақ, Арал ауданындағы Аққұм ауылдық округінде тұрғындар да учаскеге ұлттық киіммен барып, өз таңдауын жасауда. Солардың бірі – Марал Елдесбаева.

- Біз үшін сайлау – мереке іспетті. Көпбалалы ана, осы ауылдың тұрғыны ретінде әрдайым туған жерімізді дамытуға ниет етіп келген азаматтарды қолдап келеміз. Өз таңдауымды жасап, балаларымның келешегі үшін дауыс бердім. Біздің ауыл бұрыннан мұндай маңызды кезеңдерді қалыс қалмайды. Ер азаматтарымыз шапанын киіп, біздер камзолымызды киіп, өз ауылымыздың көркейтетін азаматты таңдауға келдік,-дейді ол.

Еске салайық, Н.Ілиясов ауылдық округінде 1235 сайлаушы, А.Тоқмағанбет ауылдық округінде 904 сайлаушы, Аққұм ауылдық округінде 1274 сайлаушы тіркелген.

Айта кетейік, учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар өтініш беру арқылы тасымалданатын жәшік арқыл таңдау жасай алады.

Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.


Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

27 сәуір 2025 ж. 198 0