Бүгін Шіркейлі ауылында жаңа әкім сайланады
Бүгін Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылының тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Ауыл азаматтары әкім болуға ниетті кандидатты таңдап, дауыс беру үшін учаскеге келуде.Дауыс беруге ниетті сайлаушылар ауыл өмірінің келешегі үшін маңызды кезеңде өз конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасауда.
Айта кетейік, ауылдық округ әкімі болуға ниетті 3 кандидат бюллетеньге енгізілді. Олардың барлығы өзін-өзін ұсынған. Кандидаттардың орташа жасы - 38.
Округте 1512 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Учаскеде 7 комиссия мүшесі қызмет атқарады.
Учаскеге келуге мүмкіндігі жоқ азаматар өтінішке сай тасымалданатын жәшік арқылы дауыс береді.
Еске салайық, дауыс беру 20.00-ге дейін жүргізіледі.












Пікір 1