«Балалар үні» тақырыптық күніне арналған кездесу өтті

Кездесу барысында Еркебұлан Төлепбергенұлы бітіруші түлектерді мерекемен құттықтап, балалар омбудсмендері, мектеп медиациясы, арнайы мобильді қосымшалар жасау сияқты жобалары және жас ұрпақтың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылай отырып, болашақта жас маман атанып, еңбек жолын бастар шағындағы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа кәсіби бағыт-бағдар беріліп, сәттілік тіледі. Бала- елдің ертеңі, ұлттың үні! Әр қазақ отбасының төрінен балалардың шат күлкісі мен бақытты үні естілсін!
Кездесу дөңгелек үстел форматында өткізіліп, кофе-брейк ұйымдастырылды. Оқушылар еркін пікір алмасып, сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Сырдария аудандық білім бөлімі