Кәсіби бағыт-бағдар берілді
Аудандық мәдениет үйінде «Білім алушылардың кәсіби бағдарлануы – бәсекеге қабілетті маман дайындау кепілі» тақырыбында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті күніне орай аудан мұғалімдеріне және 9, 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша кездесу өтті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу процесінің тіркеуші офисінің бастығы, математика және қолданбалы механика кафедрасының доценті Айтмағанбет Үргенішбеков бастаған оқытушы-профессорлар құрамы арнайы келіп мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар берді. Кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «80 жылдық» төсбелгісімен сырдариялық бірнеше мұғалімдер марапатталды.
Кездесуге қатысушылар университет өнерпаздарының концертін тамашалады.
"ТТ" ақпарат