Мерейді тасытқан марапат

Облыстық «Өнер» орталығында өткізілген салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Айдарлы халықтық театрының» жетекшісі, мәдениет саласының майталманы Рахия Әбдікәрімоваға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, ҚР Мәдениет саласының үздігі», «ҚР Білім беру ісінің үздігі» Сансызбай Сәдуақасов және ақын ҚР Жазушылар және Журналистер одағының» мүшесі Ақтөре Ибрагимұлына мәдениет және әдбеиет өкілдеріне арналған «Тұран» сыйлығын табыстады.
Әрине, аталған марапаттар ауданның мәдениет және әдебиет саласына берілген лайықты баға деп білеміз. Қазақ руханиятының өркендеуіне, құндылығының жоғары болуына өзіндік үлес қосып келе жатқан құрмет төріндегі жандар ауданның мақтаныштары саналады.
– Қажырлы еңбегіміздің жемісі – бүгінгі марапат деп білемін. Кәсіби мерекеде аймақ басшысы талай жылғы елге еткен қызметімізді жоғары бағалай білді. Құрмет төрінен көрінген ел азаматтары қашанда бар мақтауға лайық. Отбасылық ансамбльді жандандыра отырып, аудан мәдениетіне өлшеусіз қызмет етіп келеміз, – деді Сансызбай Сәдуақасов.
Б.АЯБЕКҰЛЫ