Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Бала тәрбиесі – бұл әрбір ата-ананың міндеті, оның өсіп-жетілуі мен болашағына жауаптылығы. Алайда, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын ата-аналар да бар.

Мәселен, Сырдария аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған азаматша Г-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша Г. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамай, кәмелет жасқа толмаған баласының мотоцикл құралын басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Г. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
21 мамыр 2025 ж. 259 0