Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Бала тәрбиесі – бұл әрбір ата-ананың міндеті, оның өсіп-жетілуі мен болашағына жауаптылығы. Алайда, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын ата-аналар да бар.

Мәселен, Сырдария аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған азамат О-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат О. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамай, кәмелет жасқа толмаған баласының көлік құралын басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған.

Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен О. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Сырдария аудандық соты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
12 ақпан 2025 ж. 135 0