Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су айдындарындағы қауіпсіздік

Су айдындарындағы қауіпсіздік

Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әр түрлі себептермен бақытсыз жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларындағы суға шомылу кезеңінде олардың санының өсетіні өздеріңізге мәлім.

Судағы зардап шеккен азаматтардың, балалардың суда қаза болуына Сырдария өзені мен каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне, судың салқындығн ескермей, спирттік ішімдік ішіп суға түсу, сонымен қатар, жүзе білмегендігі және ата-аналарының балаларын бақылауынсыз қалдыруы себеп болып отыр.Ағымдағы жылдың суға түсу маусымында қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін қатаң сақтау керектігін сұрайды.

Атап айтқанда:
- Тыйым салынған орындарда шомылуға;
- Суда балаларды қараусыз қалдыруға;
- Қоршау белгілерінен асуға;
- Көпірлерден, бөгеттерден, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге;
- Таныс емес жерлерде шомылуға;
- Мас күйінде шомылуға болмайды.

Осы жоғарыда айтылған қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды және айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от тілсіз жау екенін ұмытпауларыңыз керек.

Сонымен қатар аудан тұрғындарын судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 440, 412 баптарымен әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің немесе №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінен қандай да бір келеңсіз жағдайды байқаған жағдайда 21-4-94 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз.

Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының азаматтарды қабылдау кестесі:
Бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бақтияр Нұрбол Сағынұлы.
Дүйсенбі-жұма күндері 10.00- 12.00 дейін және 15.00-17.00 дейін жеке қабылдау.



Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі


28 сәуір 2022 ж. 1 044 0