Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су айдындарындағы қауіпсіздік

Су айдындарындағы қауіпсіздік

Облыстың су айдындарында, әсіресе Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себеп­термен бақытсыз жағдайларға ұшырауы орын алады. Оның ішінде жаз айларындағы суға шомылу кезеңінде олардың санының өсетіні өз­дері­ңізге мәлім.

Облыс аумағындағы су айдындарында 2021 жылы – 49 адам, оның ішінде 24 балалар­дың суға кету жағдайлары орын алған. Сырдария ауданында 2019 жылы – 2 адам, 2020 жылы – 3 адам (3 бала), 2021 жылы – 6 адам, оның ішінде 1 бала қаза тапқан.

Судағы зардап шеккен азаматтардың, бала­лар­дың суда қаза болуына Сырдария өзені мен ка­налдардың кез келген әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлері себеп болуда. Судың салқындығын ескермей, спирттік ішімдік ішіп суға түсу – қайғылы жағдаймен аяқ­талады. Сонымен қатар жүзе білмегендігі және ата-аналарының балаларын бақылаусыз қал­дыруы қайғылы жағдайға себеп болып отыр.

Ағымдағы жылдың суға түсу маусымында қай­ғылы жағдайларды болдырмау үшін Сырдария ау­даны төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін қатаң сақтау керектігін сұрайды. Атап айтқанда:
– Тыйым салынған орындарда шомылуға;
– Суда балаларды қараусыз қалдыруға;
– Қоршау белгілерінен асуға;
– Көпірлерден, бөгеттерден, қайықтардан су­ға секіруге және сүңгуге;
– Таныс емес жерлерде шомылуға;
– Мас күйінде шомылуға тыйым салынады.

Осы жоғарыда айтылған қарапайым қауіп­сіз­дік ережелерін сақтауларыңызды және айтып кел­мейтін табиғи құбылыстар су, от тілсіз жау екенін ұмытпауларыңыз керек.

Сонымен қатар аудан тұрғындарын судағы қа­уіпсіздік талаптарын сақтамаған жағдайда шара көріледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364, 440, 412 баптарымен әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақ­тары!

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлі­мінің немесе №12 өрт сөндіру бөлімінің қызмет­керлерінен қандай да бір келеңсіз жағдайды бай­қаған жағ­дайда 21-4-94 номерлі сенім телефоны жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз.

Сырдария ауданының төтенше жағ­дай­лар бөлімі бастығының азаматтарды қа­был­дау туралы мәлімет:

Бөлім бастығы азаматтық қорғау подполков­нигі Бақтияр Нұрбол Сағынұлы. Дүйсенбі-жұма күндері 10.00-12.00 дейін және 15.00-17.00 дейін жеке қабылдау жүргізеді.

Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі
16 сәуір 2022 ж. 404 0