Байқаңыз, су-тілсіз жау!

Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін шомылушы суда қарапайым өзін-өзі ұстау ережесін сақтау керек:
– тыйым салынған жерлерге шомылуға;
– шектейтін белгілерден асып сүңгуге болмайды, суға көпірлерден, жағалаудағы бөгетшелерден секіруге;
– шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдыруға;
– өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп келуге;
– мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер Сіз қайықта болсаңыз:
– құтқару құралдарынсыз қайықты пайдаланбаңыз;
– қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз;
– қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
– кішігірім қайықта тік тұрмаңыз;
– қайықтың ернеуіне және басқа бөлігіне отырмаңыз;
– техникалық паспортында көрсетілген мөлшерінен көп жолаушылар мен жүкті алмаңыз;
– мас күйінде қайықпен жүзбеңіз;
– қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолданбаңыз.
Осы ережелерді сақтамау су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуына әкеп соқтырады.
Айтып келмейтін табиғи құбылыстар су, от, дауыл-жел тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі