Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 35 газет

13 мамыр 2025 ж.

№ 34 газет

10 мамыр 2025 ж.

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Төл газет төріңізден табылсын!

Төл газет төріңізден табылсын!

Көпшілік газет жұмысын, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналист еңбегін жете түсіне бермейді. Біз ондайда «өзгелер айына бір, тоқсанына бір басшыға есеп берсе, біз аптасына екі рет халыққа есеп береміз» деп жауап береміз. Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бүгінгі таңда аптасына екі рет ойлы оқырманымен асыға қауышады.

Бүгінде қырық мыңға жуық аудан халқы мен алыс-жақын қала, облыстағы тұрақты оқырман­да­ры­­на қызмет етіп отырған аудан­дық газеттің шетелдерде де оқырманы қалыптасқанын мақ­­танышпен айтып өту орынды. Қазіргі таңда жас әрі білікті маман­дармен толыққан редакция ұжымы газеттің мазмұнын байытуға әркез жұмыс істеп, мамандар ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Жыл бойындағы атаулы дата­ларға байланысты уақытша ай­дар­лармен бірге тұрақты айдарлар бойынша тұшымды мақалалар жазып, көрермен көзайымына ай­нал­ған газет мамандары оқыр­ман үдесінен шығу жолында аян­бай еңбек ете бермек. Осы ретте аудандық газеттің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақ­шалары заман талабына сай тәулік бо­йына оқырманға ақпарат таратып, жүйелі жұмысты үйлестіріп келеді.

Айта кетейік, биылғы Жеңістің 80 жылдығына орай жыл басы­нан бері арнайы бет әзірлеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сондай-ақ журналистер «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай адал еңбегімен лайықты құрметке ие болған жандар туралы қалам тербеп жүр. Және бұл аудандағы төл басылым бол­ғандықтан, ауылдық округтерге сапарлап, ауыл жаңалықтарын да басылым бетінен түсірмеуге жүйелі жұмыс жасаудамыз. Тұрақ­ты авторлардың әңгіме, проза, аудар­малары да оқырманның биік бағасына ие болып отыр. Нақ­тырақ айтар болсақ, газеттің тақы­рыптық ауқымы жаңғырып, жаңа­рып, соған сай газет дизайны да жанданып келеді.

Осы ретте ойлы оқырманға 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына газетке жазылу науқаны бас­тал­ғанын хабарлаймыз. Жыл са­йын дәстүрлі түрде аудандық басы­лымға жазылатын мекемелер мен тұрақты түрде қолдау көр­сететін демеушілеріміз бар еке­нін мақтанышпен айтқымыз ке­ле­ді. Газет оқырманымен құн­ды. Бір газетке жазылу яки жазылуға мүмкіндігі жоқ жанға демеу­шілікпен бір газет болсын жаз­дырып беру – түгел ұлтқа, тілге, қазақ басылымына көрсетілген қолдау деп білеміз. Осы ретте, Дархан Ералиев, Жеңісбек Сыздықов, Алмас Есназар, Ғалым Абызбаев, Дәулет Дәукенұлы, сон­­дай-ақ жергілікті кәсіпкерлер Мақсұт Әбілдаев, Мәдина Омарова сияқты бірқатар жылы жүректі, мейірімді азаматтар ардагерлер мен аудан тұрғындарына сый жа­сап, газетке жаздырып беріп, игі іс­ке үлес қосып келеді.

Айта кетейік, газетке жазы­лу маусымы басталысымен ең алғаш­қылардың бірі болып толықтай жазылған мекемелерді «Ұжым болып оқиық» айдары бойынша газетке шығарып отырамыз. Осы рет­те ІІ жартыжылдық бо­йынша №131 Т.Қозыбаев атындағы ор­та мектебі жоспарды жүз па­йыз орындағанын, үлгілі тізімді №137 С.Сейфуллин ауылындағы мек­теп ұжымы, №174 Жетікөл ауы­лын­дағы мектеп жалғастырып тұр­ғанын айтып өту қажет.

Газет – бүгін мен ертеңді жалғайтын алтын көпір, тағы­лымды тарих. Оның үстіне, аудан жаңалықтарының жаршысы әр­бір шаңыраққа жетуі қажет деп білеміз. Смартфон мен электронды ақпаратқа бұл күнде сұраныс жоғары. Десек те баспадан жаңа шық­қан газет парағының иісі мен оны парақтап отырып тұшына оқу­дың өзі жанға жайлылық сыйлайды. Және бұл тарихи құжат жыл­дан жылға өз құндылығын жоймай сақталады. Әсіресе үлкен кісі­лердің күншуақтап газет оқып отырғанын көргенде, ұтымды ма­қа­­ла үшін алғысқа бөленгенде, «газетке жазыламыз» деп қол­дау көр­сеткенде уа­қытымыздың құр өтіп жатпағанын шы­найы сезі­­неміз.

Газет – тарих, газет – құнды­лық. Ендеше төл газет сіздің де тө­ріңіз­ден табылсын, ардақты оқыр­ман!

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИҚЫЗЫ

13 мамыр 2025 ж. 97 0