Аудан әкімі майдангер Яхия Тасыров пен тыл ардагері Рақымжан Байменовті құттықтады
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев қан майдан куәгері, соғыс және еңбек ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыров пен тыл және еңбек ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Рақымжан Бәйменовті Жеңістің 79 жылдық мерекесімен құттықтады. Аудан басшысымен зиялы қауым өкілдері бірге барып, Жеңіс күнін жақындатқан ардагерлерге мерекелік лебіздерін білдірді.
Аудан әкімі 102 жастағы Яхия Тасыровтың, тылда еңбек еткен Рақымжан БәйменовтІң ерліктері кейінгі жас ұрпаққа өнеге екенін атап, «Алғыс хат» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.
Құрмет төріндегі ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, ақ баталарын берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі