Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туындаған міндеттерді жүзеге асыру бағытында «Ленин» орденімен, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Октябрь Революциясы» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған, Қазақстан Компартиясының VІ, VІІ, Х, ХІІ съездерінің делегаты болып сайланған, облыстық партия комитеті мен халық депутаттары облыстық атқару комитетінің мүшесі болған, дәрігер, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы денсаулық сақтау ісінің үздігі, облыстық денсаулық саласын 30 жыл басқарған, жерлесіміз - Мақашева Софья Өтегенқызының 95 жылдығы осы мерекемен тұспа тұс келді.
Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында кезінде Софья Өтегенқызының қалыптастырған жақсы дәстүрін жалғастырушылар аймағымызбен қатар, республикаға танымал дәрігер ретінде жемісті еңбек етуде.
Олардың қатарында облыстық денсаулық саласын басқарған Баймаханов Болат Бимендіұлы, Марат Шәдібайұлы, Дамир Дәулетбаев және бүгінгі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарып отырған Ақмарал Шәріпбайқызы және тағы да басқа дәрігерлер бар. Олар ел үшін адал еңбек етіп, аға – апаларымыздың жолын жалғастырып келеді.
Құрметті денсаулық саласының қызметкерлері!
«Дені сау адам – қоғам байлығы» деген халқымызда дана сөз бар. Сол байлығымызды сақтауға, сапасы мен санын арттыруға, халқымыздың дені сау, ойы сергек болып қалыптасуына Сіздер зор үлес қосып отырсыздар.
Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер.
Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, мерейі үстем болсын!
Халқымыздың дені сау, ұрпағымыз қажыр-қайратты болсын!
Құрметпен аудан әкімі Ғ.ҚАЗАНТАЕВ