Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы институтын нығайту – басым бағыт

Отбасы институтын нығайту – басым бағыт

Отбасы институтын нығайту және оның қоғамдағы рөлін арттыру – «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасындағы негізгі басымдықтардың бірі. «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, Отбасын қолдау орталығымен бірге партиялық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі күнге дейін партия филиалымен және Отбасын қолдау орталығымен бірлесе атқарылған жұмыстарды саралау, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылау, «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» және «Tomiris» жобаларын жүзеге асыру тетіктерін пысықтау мақсатында кездесу өтті.

Отбасын қолдау орталығының директоры Айнұр Төлегенованы қабылдаған «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы отбасылық құндылықты нығату арқылы балалар мен әйелдердің құқығын қорғау бойынша жүйелі әрі нәтижелі жұмыстарды қолға алудың маңыздылығын айтты.

– «AMANAT» партиясы ұлттық және отбасылық құндылықтарды әркез күн тәртібінде ұстайды. Балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар партия жұмысының негізі бағыты екені белгілі. Осы ретте отбасы институтын нығайту және балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жастар мен жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты өткізілген кеңейтілген мәжілісте «...біздің негізгі міндетіміз – балаларды отбасы арқылы тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтары мен гуманизмді насихаттау және балаларға қолайлы орта құру» деді. Сондықтан Отбасын қолдау орталығы осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру керек, әрине бұл жұмыстарға партияның аудандық филиалы әркез қолдау көрсетеді, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде Отбасын қолдау орталығының директоры Айнұр Төлегенова орталықтың жұмыс бағыты мен атқарылған жұмыстар, нәтижелер туралы айтты. Мұнан бөлек «Қарызсыз қоғам» жобасының отбасылық бюджетті тиімді әрі дұрыс жоспарлауға тікелей ықпал ететініне тоқталды. Алдағы уақытта да мемлекеттік бағдарламалар мен партиялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында орталық мамандарының жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

04 мамыр 2025 ж. 145 0