«Бақытты отбасы» жобасы отбасын қолдау орталығымен бірлесе жүзеге асырылады
«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы Сырдария ауданында Отбасын қолдау орталығымен бірлесе жүзеге асырылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлының Отбасын қолдау орталығы ұжымымен кездесуінде айтылды.
Кездесуге Отбасын қолдау орталығының директоры Айнұр Төлегенова бастаған ұжым қызметкерлері және аудан әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Қаратаев арнайы қатысты.
– «Бақытты отбасы» партиялық жобасы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бағытта партия жергілікті атқару органдармен бірлесе жұмыс жүргізуде. Мәселен, отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарына қажетті бюджет қаражатының бөлінуіне аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы қолдау білдірді. Мұнан бөлек Отбасын қолдау орталығының ашылуының ба түпкі тарихы партияның сайлауалды бағдарламасынан туындайды. Сондықтан отбасылық құндылықты дамытуда мемлекеттің де, партияның да ұстанымы, мақсат-мүддесі бір. Біздің басты мақсатымыз салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алаатынын жас отбасыларға түсіндіру, отбасылық жанжалдардың алдын алу, көпбалалы және әлеу¬меттік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсету және өнегелі отбасыларды үлгі ету, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.
Кездесуде аудан әкімі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Қаратаев «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы Сырдария ауданында Отбасын қолдау орталығымен бірлесе жүзеге асырылатынын айтты. Өз кезегінде Отбасын қолдау орталығының директоры Айнұр Төлегенова атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды.