«Еңбек елдің – ертеңі» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті

Фестиваль аясында түрлі бағытта іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, оқушылардың робототехника көрмесі, қолөнер шеберлері мен жас кәсіпкерлер көрмесі және жұмысшы мамандықтардың шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Жастар өздерін қызықтыратын мамандықтармен жақын танысып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат алды.
Құрметті қонақтар заманауи техника тілін меңгерген оқушылардың жобаларымен, жас кәсіпкерлердің өндіріс тауарларымен және қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысып, оң бағасын берді.
Аталған фестиваль аясында Димаш Серікбайұлы жастармен арнайы кездесіп, сұхбат құрды. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары қазіргі таңдағы жастар қозғалысының белсенділігіне ризашылығын білдіріп, білім мен кәсібиліктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында өз саласында үздік шыққан белсенді жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, сый-құрмет көрсетілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі