Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері электр жабдықтау құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді

Электр жабдықтау құрылысы жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме өкілі «Қызылорда электр тораптары компаниясы» АҚ Сырдария аудандық электр торабы басшысының міндетін атқарушы С.Бегманов атқарған жұмыстары жайлы депутаттарға мәлімет берді.
С.Бегмановтың айтуынша:
Жалпы құны 490,5 млн. теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасын жүзеге асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 119 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 26 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 4 дана және ВЛ-10/0,4 кВ–2,3 шақырым электр желісі орнатылған. 2025 жылға республикалық бюджеттен 280,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 142 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 32 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 1 дана орнатылып, жері тегістеліп бетон блоктары бар 3 дана КТПН қойылған. Қазіргі таңда бөлінген қаржы толық игеріліп, қалған қаржы күтілуде. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жалғасатын болады.