Аудан әкімі электр желілерін ауыстыру жұмыстарымен танысты

Аудан басшысы Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ең алдымен халыққа қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруды тапсырғанын атап көрсетті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен елді мекендерде электр желілері қайта жаңғыртудан өтіп жатқанын жеткізді.
Қалжан Ахун елді мекенінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы тиісті сала басшылары мен мердігер компания өкілдері ақпарат берді. Электрмен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн. теңге, 2025 жылы 280,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Өткен жылы елді мекенде 150 электр бағаналары мен 2,3 шақырым электр желісі орнатылса, биыл тағы 200-ге жуық электр бағаналары орнатылу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 3 дана толық трансформаторлық қосалқы станция орналастырылуда. Қазіргі таңда елді мекенде әрқайсысында 3 бригада жұмыс жасауда.
Аудан басшысы жауапты мекемелерге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды қатаң тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі