Шаған және Н.Ілиясов ауылдарындағы газдандыру жұмыстарына партиялық бақылау жасалды

Мекеме өкілі Руслан Қамсұлтанұлының айтуынша:
– Қазіргі таңда жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстарының деңгейі 60 пайызға орындалып отыр. Жұмыстар 2024 жылы басталып, жалпы ұзындығы 66,4 шақырымды құрайтын газ құбырының бүгінгі күні 44,2 шақырымы аяқталды. Газдандыру жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Мұнан соң аудандық мәслихат депутаттары Нағи Ілиясов ауылындағы газдандыру жұмысымен танысты.
Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары да 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын газдандыру жұмыстары қазіргі таңда 95 пайызға орындалған.
Кездесу барысында депутаттар атқарылып жатқан жұмыстардың аудан тұрғындары үшін маңыздылығына тоқталып, жұмыстарды талаптарға сай жасауды және сапасына баса назар аудару керектігін ескертті. Сонымен қатар тапсырыс беруші мекеме басшыларына жұмыстардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды, жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігі айтылып, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан әрбір құрылыс немесе басқа да жұмыстарға жергілікті тұрғындар арасынан жұмыссыз мамандарды тарту жолын қарастыруды ұсынды.