Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент орталығындағы жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жүргізілді

Кент орталығындағы жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жүргізілді

Аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Марат Бакуов Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы Айбол Ержановпен бірге кент орталығында жасалып жатқан бірқатар жұмыстарға партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Алдымен Тәжібаев көшесіне салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолы құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жұмыстарды бітіру 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған. Мердігер мекеменің өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы түрде жүргізу айтылды. Келесі кезекте, Мұратбаев көшесіне салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолы құрылысымен танысып, партиялық бақылау жасалды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бірқатар ұсыныстарын айтып, жұмысты сапалы және уақытылы аяқтау қажеттігін ескертті.

– Бүгінгі күнге, Тереңөзек кенті бойынша құрылыс, жөндеу жұмыстары саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, кенттің бірқатар көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолына құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджет есебінен ұзындығы 5140 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы Қ.Бөдеев көшесіне орналастырылды. Жобаның құны 93 млн теңгені құрайды. Сол сияқты, Д.Қонаев, Қазақ, Жеңістің 50 жылдығы, Ж.Құттыбаев, Р.Алшынбаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолдары құрылысы 2024 жылы атқарылса, Мұратбаев, Тәжібаев, Абдулпаттаев көшелеріне 2025 жылы салынуда.. Жобаның құны 366 млн теңгені құрайды, – деді Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы Айбол Ержанов.

02 мамыр 2025 ж. 142 0