Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «АртСпорт» бағдарламасының Сырдария ауданында іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

«АртСпорт» бағдарламасының Сырдария ауданында іске асырылу барысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

Аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелері мен депутаттардың қатысуымен партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысындағы бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде балалардың спорт үйірмелеріне тегін баруға мүмкіндігі және білім, мәдениет салалары бойынша мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мен жұмыстардың сапалы жүргізілуі бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг жұмыстарына аудандық партия филиаланың атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Марат Бакуов, Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жеңісбек Төрәлиев, Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Кенжебек Әбтіқанов, партия ардагері Сталбек Тобағұлов қатысты.

–Мемлекеттік тапсырысқа бөлінген бюджет қаржысының тиімді, мақсатты жұмсалуын қадағалау үшін былтыр құзырлы органдар арнайы жұмысшы тобын құрып, тексеру жүргізілді. Бұл іске «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия белсенділері де атсалысып, партиялық моиторинг жұмыстарына қатысты. Балалардың өнермен, спортпен шұғылданғаны, әрине дұрыс. Бірақ бәрі заңды, талапқа сай болуы керек. Мемлекеттік тапсырысқа бөлінген бюджет қаржысының тиімді, мақсатты жұмсалуын қадағалау – ортақ міндетіміз. Бюджет қаражаты мақсатты жұмсалуы керек, – деді аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Марат Бакуов.

Жалпы ауданда «АртСпорт» бағдарламасы бойынша бірнеше спорт клуб жұмыс істеуде. Атап айтқанда, «Мансұр» спорт клубында таеквондо, үстел теннисі, бокс, қазақ күресі секция, каратэ, дзюдо сынды 9 үйірме бар және оған 236 бала қамтылған. Ал «Табор» спорт клубында үстел теннисі үйірмесі бар және 9 бала қатысады.

Сырдария ауданында шығармашылық тапсырыс бойынша 2 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда. Осы уақытқа дейін барлығы 57 үйірмеге 1184 бала қамтылған болатын. Атап айтқанда, «Мансұр Строй Құрылыс» ЖШС көркем сөз оқу, кескіндеме, сурет салу, поэзия, бисер үйірмелеріне 175 бала қамтылып, 7 мұғалім жұмыс жасауда. Ал ЖК «Сақтағанова» 1 би үйірмесі бар және оған 44 бала қамтылған.

02 мамыр 2025 ж. 143 0