Партиялық бақылау жасалды

Білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарына 293 млн. теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды «МКК Элит Строй» ЖШС атқаруда. Бүгінде ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші Н.Ілиясов ауылындағы Т.Айтбаев атындағы №132 орта мектебі КММ. Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айының аяғына дейін толық жоспарланған.
Білім ошағы 1971 жылы салынған, 3 қабатты, 640 орындық. Ғимараттың жалпы ауданы 3319 шаршы метрді құрайды. Жалпы орта білім беретін мектептегі бала саны 2023 – 2024 жылғы оқу жылында 567 бала білім алуда және оның ішінде мектеп жанынан құрылған «Балақай» шағын орталықта 40 бала тәрбиеленуде. Орта мектепте 85 педагог және 45 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. 1-11 сынып аралығында 31 сынып жиынтығы бар.
Партиялық бақылау жұмыстары барысында мердігер мекеменің өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы аяқтау қажеттігі айтылды.