Партия филиалының төрағасы фракция мүшелерімен бірге жаяу жүргіншілер жолы құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді

«Шиелі жолшы» ЖШС-нің директоры О.Абдуллаев:
- Келісім шарт құны 359,1 млн теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің орталық көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын 2024 жылы бастап, биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 130,0 млн теңгесі игеріліп, соған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, Д.Қонаев, Жеңістің 50 жылдығы, Р.Алшынбаев, Ж.Құттыбаев, Қазақ көшелерін бітірдік. Ендігі кезекте Ә.Тәжібаев, Ғ.Мұратбаев және О.Әбілпаттаев көшелерінің жаяу жүргіншілер жолын аяқтау.
Мердігер мекеме басшысымен кездесу барысында депутаттар тарапынан 2024 жылы жасалған жаяу жүргіншілер жолын салу кезінде жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде ескертулер айтылып, алдағы жасалатын жұмыстар кезінде осындай қателіктерді болдырмау ұсынылды.