Таза Қазақстан: полиция департаменті тазалыққа шақырды

- Бұл іс-шарадағы полиция қызметкерлерінің басты міндеті — ортақ пайдаланудағы орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс орындарын және олардың пайда болу себептерін анықтау мен алдын алу болып табылады. Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда стихиялық қоқыс тастайтын орындарды және олардың пайда болу себептерін анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері осы бағытта барлығы 5051 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталған. Қазіргі уақытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табады. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамын,- деді Рауан Қырымұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі