Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандары бақылау жүргізді

Сала мамандары бақылау жүргізді


ҚР-сы ІІМ-нің 2014 жылғы 1 қазандағы  №662 бұйрығымен бекітілген ҚР.ІІМ-гі Қызылорда облысы полиция департаменті туралы ереженің 16-қомышасының 6-тармағына орындау үшін, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің және пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша Қызылорда облысы полиция департаменті мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бірлескен бұйрығы негізінде 2022 жылдың 07-13 ақпан аралығында «Профилактикалық бақылау» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бұл іс-шараның  басты мақсаты Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу  және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр. Іс-шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығы негізінде, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандардың ата-аналары, жақын туыстары сонымен қатар оның мінез құлқына оң ықпал ете алатын жора жолдастарымен профилактикалық әңгімелер жүргізілуде. Осы іс-шара есептегі азаматтарды дұрыс жолға салып, олардың қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруда оң ықпалы болады деген сенімдеміз.
10 ақпан 2022 ж. 220 0